12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар саланы дамытты

Сот саласында бүгінгі күні заманауи технологияларды қолдану қарқыны күшейді. Басты мақсат – заман ағымына сай, қағазбастылықтан арылып, азаматтарды әуре-сарсаңға салмай, дер кезінде қызмет көрсету. Бұл мақсатымызға жетіп те келеміз. Қазіргі таңда тараптардың да, сот мамандарының да уақытын үнемдеп, қағазбастылықтан арылтатын көптеген өзгерістер жасалды. Ең бастысы жаңа технологиялар арқасында халықтың сотқа деген сенімі артып келеді.

Сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында қолданысқа енгізілген «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің мүмкіндігі өте көп. Азаматтар «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы сотқа электронды түрде талап қою арыздарын, шағым, өтініш бере алады. Сонымен қатар, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Пайдаланушы қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып ала алады.

«Сот кабинетінде» мобильдік қосымшаның іске қосыл­ғанынан да көпшілік хабардар. Мобильдік қосымшаны жүктеп алғандар сот отырыстары туралы ақпаратты, отырыстың өткізілу күнін, орнын және уақытын біле алады. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот «Сот кабинеті» сервисін дамыту аясында электронды түрдегі арыздың тағы бір түрін – «Заңды күшіне енген сот актісін/сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс енгізу жөнінде өтінішхатын» іске қосты. Аталған сервисті пайдаланушы Жоғары Сот  төрағасының атына заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы ұсыныс енгізу жөнінде өтінішхат беру мүмкіндігіне ие болды. 

Сонымен қатар, сот жүйесіндегі «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесі кіріс, шығыс хат-хабарларды және ішкі құжаттарды электронды іс жүргізуді тіркеумен қатар азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді және өзге де материалдарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді есепке алады, арыздарды, істерді, материалдарды автоматты түрде бөледі. Соттарда материалдар және шағымдар сот төрағаларының қатысуынсыз «Төрелік» жүйесінің көмегімен автоматты түрде бөлінеді. Сот мәжілістерінің үн-бейне жазбалары автоматты түрде қалыптасады.

Жалпы жаңа технологиялардың артықшылығын халық та, сот мамандары да сезініп келеді. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмай алдағы уақытта сот жүйесіндегі заманауи өзгерістерді әлі де жетілдіре беру басты мақсат болып отыр.

Серікбаев Нұрболат Ибрагимұлы, Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...