Үкімет резервтен 40 миллиард теңге бөлді: ол неге жұмсалады?

ҚР Үкіметі резервтен шамамен 40 миллиард теңге бөлді. Ол неге жұмсалатыны белгілі болды , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет мәліметіне сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 миллиард теңге бөлу туралы қаулыға қол қойған. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды.

«Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылып жатыр», — делінген хабарламада.

Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

«Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 миллиард 987 миллион теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар».

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі:

  • Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға;
  • Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге;
  • Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге;
  • Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға;
  • Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға;
  • Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке пайда болды

Қазақстанда ресми түрде жаңа мемлекеттік мереке пайда болды, ол демалыс күні болып жарияланады. Бұл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа Конституция күшіне енді: енді қандай өзгерістер болады?

1 шілдеде Қазақстанда 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде өз күшіне енді. 1995 жылғы заң қос палаталы Парламент және биліктің бұрынғы архитектурасымен бірге тарих қойнауына енді.

“Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады“. Тоқаев халыққа үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жаңа Конституциясы күшіне енуіне орай үндеу жасады.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.