Адвокат Бишімбаевқа қатысты үкімге шағым түсірді

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты үкімге апелляциялық шағым түсірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, ол сотқа 28 мамырда шағымын жолдаған.

«Сағат 17:00-де мен Бишімбаевқа қатысты сот үкіміне қарсы сот кабинеті арқылы аппеляциялық шағым түсірдім», — деді Tengrinews.kz тілшісіне Бишімбаевтың қорғаушысы.

Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, апелляцияда 20-ға жуық процессуалдық заңбұзушылықтар көрсетілген. Бишімбаевтың қорғаушысының пікірінше, сот талқылауы барысында судья тарапынан заңбұзушылқтарға жол берілген.

«Бұл, біздің ойымызша, алқабилер үкімі мен үкімнің заңсыз болуына әкелді. Бүгін тергеу изоляторында болдым, қорғауымдағы Қуандыққа шағым жобасын көрсеттім, ол келісіліп, соңғы нұсқасын сотқа жібердім», — деді Бишімбаевтың адвокаты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.