Синоптиктер Алматы мен тағы 3 қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 29 мамырда Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Енді “ГПХ“ рәсімдеуге болмайды: Сенат заң қабылданды

Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады.

Жасанды интеллект университеті биыл алғашқы студенттерін қабылдай бастайды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді.

Мұғалімдерге әлеуметтік желі жүргізу міндетті ме? – Министрлік жауап берді 

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте педагогтердің әлеуметтік желілерді жүргізуіне қатысты мәселеге түсінік берді.

Елімізде табыстың көп бөлігі азық-түлікке жұмсалады 

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың төртінші тоқсаны бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.