Түзеу мекемесінде оқу-жаттығу өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 түзеу мекемесінде “Қамал” оқу-жаттығуы өтті. Мекеме бастығы мен жеке құрам қызметкерлері қатысқан шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылған оқу-жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алу, жеке құрамның физикалық және жауынгерлік дайындығын пысықтау.
– Әрбір қызметкер кез-келген төтенше жағдайға дайын болуы қажет. Мұндай оқу-жаттығу мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының деңгейін көрсетеді. Нақты өмірлік жағдайға жақын өткізілген оқу-жаттығу жеке құрамның тәжірибесін арттыратыны анық, – деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.
Оқу-жаттығу барысында жеке құрам мекеме бастығының қосымша нұсқаулығы арқылы жауынгерлік шеберліктерін пысықтап, кез-келген жағдайға дайын екендерін көрсетті.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Күш азайып, Алматы жақындай түсті: Меңдібай аға жолдың ең қиын шақырымдары туралы айтты

«Құрылтайға жол» хикаясының жаңа шығарылымы сапар барысындағы ең шынайы...

«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету

Әскери тәртіпті нығайту – құқық бұзушылықтың алдын алудың кепілі 2026...

«Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету

ӘРПК: Әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудағы соттың белсенді рөлі 2026 жылғы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің тұрақтылығы...

Мемлекеттік тіл: Бүгіні мен болашағы

Мемлекеттің ұлылығы - ең алдымен оның Ата заңы мен...