ТЖМ: Кейбір аудандарда Жайықтағы су деңгейі төмендеп келеді

Атырау облысы Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінде су деңгейінің төменденгені байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Алайда Атырау қаласының өзінде таңғы сағат 8:00-ден бастап гидропосттарда белгі 2 см-ге артып, 597 см-ге көтерілді. Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жағалауды нығайту жұмыстарын жалғастыруды және қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы көлемді бөгеттерді тексерді. Махамбет ауданының Жалғансай елді мекеніне барған кезде ТЖ министрі тасқын суды сору жұмыстарының барысымен танысты. 

Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда ауыл маңындағы үйінді бөгет шайылып, ауылға кіреберіс жол арқылы су жүрген болатын. Айта кетейік, өткен тәулікте арнайы техникамен 450 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Сәуір айынан бастап өңірде құтқарушылар тобы күшейтілді. Қосымша Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан ТЖМ қызметкерлері және ҚР ТЖМ 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тартылды, — деп атап өтті министрліктен.

Қажет болған жағдайда ТЖМ құтқарушылары су басу орындарында адамдарды өтімділігі жоғары техникамен, оның ішінде жылжымалы құралдармен тасымалдау бойынша жұмысты жүзеге асыратын болады.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.