Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы кезеңі жалғасып жатыр. Атмосфералық фронттар әсерінен найзағай ойнап, бұршақ пен қысқа мерзімді жаңбыр жауады және барлық дерлік аудандарда жел күшейеді. Тек батыс аймақтарда кейбір күндерде, жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтайды және түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік болжанған.

«Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айындағы климат аясында температураның жылынуына әкеледі: батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градус жылыға дейін, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градус жылыға дейін жоғарылайды, тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7-15 градус жылыға дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.