12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Эксаумақтық соттылық — сотқа деген сенімді нығайтады

Эксаумақтық соттық – сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың бірі. Азаматтық процестік кодекстен орын алған бұл ұғым азаматтық іс жүргізу заңдылығын барынша жетілдіруге бағытталған.

Азаматтық процестік кодекстің 32-бабында дәйектелгендей, эксаумақтық соттылыққа байланысты шешім істі сот талқылауына дайындық кезінде қабылдануы тиіс. Жоғарыдағы заңдық норманы жүзеге асыру механизмі Жоғарғы Сот тарапынан жасалған алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Осы нормада көрсетілгендей, сот талқылауына дайындық кезінде азаматтық істі екі тараптың келісімін ала отырып республиканың басқа аймағындағы соттың қарауына ұсынуға болады. Тек бұл сот дәл осындай істерді қарауы тиіс. 

Әрбір судья істі сот талқылауына дайындау барысында тараптарға эксаумақтық соттылықтың мәнін, оны қолданудың тәртібін түсіндіреді. Егер тараптар істің эксаумақтық соттылық тәртібінде қаралғанын қаласа, бұл туралы істі қарағанға дейін өтініш білдіруі керек. Азаматтардан өтініш түскен жағдайда ғана іс эксаумақтық соттылықты анықтау үшін ақпараттық жүйенің көмегімен автоматты түрде бір сотқа бөлінеді. Бұл жұмысты «Төрелік» ақпараттық жүйесі бірден қабылдап, жүктемесі аз, дәл осындай істерді қарау құзыретіне кіретін соттарға бағыттайды. Осыдан кейін судья өндірістегі істің эксаумақтық соттылық бойынша қайда бөлінгені туралы бірден анықтама дайындайды. Осы электрондық іс сол күні электрондық қолтаңбамен ақпараттық жүйе таңдаған сотқа жіберіледі.

Мұндай жаңашылдық азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтып, сот ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынғаны белгілі. Расында азаматтардың эксаумақтық соттылықты таңдауы, соған орай істі қай соттың қарайтынын электрондық жүйе арқылы автоматты түрде бөлу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойып, халықтың сотқа деген сенімін нығайтары анық. Себебі, істің өздері білмейтін аймақта, даудан хабары жоқ судьяның қарайтынын білу тараптардың әділдікке деген сенімін еселейді. Әрі мұндай бастама ірі қалалар мен облыс орталықтарындағы жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді. Соның арқасында ірі соттардағы судьялардың ауыр, күрделі істерге тереңірек көңіл бөлуіне мүмкіндік туады.

Жалпы, бұл жаңашылдықтың тиімді жақтарының көптігіне қарамастан, эксаумақтық соттылықты қолдануға ынталылар көп дей алмаймыз. Бұған ең алдымен халықтың соттағы жаңашылдықтардан толық хабардар болмауы себеп деп ойлаймын. Егер әрбір судья эксаумақтық соттылықтың тиімділігін жан-жақты түсіндіретін болса, азаматтар өз дауының мүлде басқа аймақтағы сотта, мүлде бұлардың ісінен хабары жоқ судьяның қарағанына қарсы болмас еді. Бұл өз кезегінде соттағы жүктемені қалыпты ұстауға, қала, облыс орталықтарындағы сот судьяларының жұмысын жеңілдетуге ықпалын тигізері анық.

Д.Аркинов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының төрағасы

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...