Қазақстанда жыл басынан бері қанша мопед жүргізушісіне айыппұл салынды?

10-20 мамыр аралығында Қазақстан бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасының бірінші кезеңі өтіп, соған байланысты жолдағы жағдайды бақылау күшейтілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда 10 мыңға жуық мопедист әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 7522-сі Алматыда. Әкімшілік полиция комитеті мәліметінше, заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 615-бабына сәйкес келеді «Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерін бұзуы».

Бұл заңбұзушылық үшін екі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл қарастырылған, ол 2024 жылға 7 384 теңге болады. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 10 АЕК, яғни 36 940 теңгеге дейін өседі.

Мопед жүргізушілері де ӘҚБтК-нің 620-бабы «Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы бапты бұзу ескерту жасауға немесе 3 АЕК (11 076 теңге) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкімшілік полиция комитеті мопедистер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылауды күшейту жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталғанын атап өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.