Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 19 бала ұсталды: ІІМ үндеу жасады

Жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін кәмелетке толмаған 19 бала ұсталды. ІІМ үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кез келген отбасы есірткі құрығына тап болуы мүмкін. Жыл басынан бері 19 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды. Жастар есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білсе де, олардың кейбірі есірткінің заңсыз айналымынан бас тартар емес. Нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруда отбасының айрықша рөлін ескере отырып, ІІМ ата-аналарға жазғы демалыс қарсаңында балалар өміріне барынша көңіл қою керектігін ескертеді. Өз балаларыңыздың араласатын ортасын білу, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды бақылау аса маңызды. Заттарының ішінен медициналық препараттардың қорабын, фольга немесе шыны түтікшелер байқасаңыз, елеусіз қалдырмаңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткі тұтынуға арналған болуы әбден мүмкін. Сабақтағы үлгерімінің нашарлауы, сабаққа бармауы және араласатын ортасының өзгеруі ата-ана назарынан тыс қалмауы керек. Агрессия, аяқ астынан көңіл күйінің өзгеруі, шаршаңқы күйге жиі түсуі де есірткі тұтынып жүргенінің белгілері болуы ықтимал. Баланың бойынан үш немесе одан да көп осындай белгілер байқалса, тез арада шара қолдану қажет. Ақша жұмсауы жиілесе немесе қаражаты көп болса, бұл да алаңдауға тұрарлық мәселе. Өйткені баланы есірткі тұтынуға ғана емес, оны таратуға да тартуы мүмкін. Егер баланың телефоны мен мессенджерлерінен геолокация көрсетілген суреттер, үй қабырғалары мен бағандардағы штамптарды байқасаңыз, бұл да күмән тудыратын жайт. Себебі онда есірткі жасырылған жерлер көрсетілуі мүмкін. Нөмірлер және түрлі сайттардың сілтемелері жазылған тізімге, изолентаға оралған заттарға да назар салғаныңыз абзал. Есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік 16 жастан басталатынын естеріңізге саламыз», — деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Жаңа Конституция: Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілді 

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Волонтерлік пен қайырымдылық алғаш рет конституциялық мәртебе алды. Тағы қандай өзгерістер бар?

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке пайда болды

Қазақстанда ресми түрде жаңа мемлекеттік мереке пайда болды, ол демалыс күні болып жарияланады. Бұл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа Конституция күшіне енді: енді қандай өзгерістер болады?

1 шілдеде Қазақстанда 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде өз күшіне енді. 1995 жылғы заң қос палаталы Парламент және биліктің бұрынғы архитектурасымен бірге тарих қойнауына енді.

“Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады“. Тоқаев халыққа үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Жаңа Конституциясы күшіне енуіне орай үндеу жасады.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.