Әділет вице-министрі Бишімбаевты мерзімінен бұрын босату шарттарын атады

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 24 жылға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Вице-министр заң бойынша, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың бас бостандығынан айыру орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын шығуына мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Ол үшін белгілі бір талаптар орындалуы керек. Егер қылмыскердің түрмедегі мінез-құлқы оң сипатта болса, онда ол жазасын өтеп жатқан мекеме шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.

Алайда, сотталушы жазасының үштен екісін өтеуі керек, оған дейін болмайды. Мұндай өтініштің нәтижесін сот шешуі керек. Бұл ретте ауыр айып тағылғандар үшін тағы бір шарт бар.

«Иә, бұл іс бойынша жәбірленуші тараптың келісімі қажет. Бірақ бұл, біріншіден, сот шешімінің құзыреті болатынын тағы бір рет атап өткім келді. Екіншісі — осы үкім бойынша нақты күшіне енуін күтуіміз керек. Сондықтан, осы кезеңде қандай да бір пікір бере алмаймын», — деді Жақселекова.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.