Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы бас тартты

17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы бұл күнді қалай өткізуді жоспарлап отыр? Tengrinews.kz тілшісі білді.

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл қарапайым жұмыс күні. Ол жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған, әкімшілік қызметкерлерінен құттықтаудан бас тарту сұралған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы өткен жылдары да осындай ұстанымды ұстанған болатын.

«Президенттің принципті ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған», – деп түсіндірді Берік Уәли.

17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толады.

Өскемендегі жарылыс: Бектенов мәселені жеке бақылауына алды 

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Алматы әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Зейнеткерлер тегін санаторийге бара алады: Кімге, қалай және қаншалықты қолжетімді? 

Қазақстанда зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында санаторий-курорттық ем үйлестіру қарастырылған.

Қытайдағы жойқын жарылыс: 20-дан астам адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды 

Соңғы мәліметтер бойынша, 21 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланған. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин оқиғаны мұқият зерттеуге шақырды, 

Алматыда Тоқаевтың төрағалығымен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде әлем технологиялық трансформацияның мүлдем жаңа кезеңіне қадам басқанына назар аударды.