ҰБТ-ға қанша қазақстандық қатысады?

Бүгін Қазақстанда 2024 жылғы негізгі ҰБТ басталды. 180 мыңнан аса түлек тестілеуге қатысуға ниет білдірген, әрқайсында екі мүмкіндік болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірасилов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбдірасиловтың айтуынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында 2024 жылғы негізгі ҰБТ басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады.

«Биыл талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігін береміз және ең жақсы нәтижемен гранттар конкурсына қатыса алады. Тестілеуге 181 мың талапкер ниет білдірді, екі рет қатысу мүмкіндігін ескергенде, бүгінде 330 мыңға жуық өтініш қабылданды. Алты өңірде өтініштерді қабылдау әлі жалғасып жатқанын тағы да еске саламын», — деді Әбдірәсілов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның айтуынша, талапкерлердің басым көпшілігі емтихан тапсыру үшін қазақ тілін таңдаған. Ол — 75 пайыз. Түлектердің 25 пайызға жуығы орыс тілін таңдаса, 221 адам ағылшын тілін таңдаған.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.