Бишімбаевтың адвокаты алғаш рет сот үкімі туралы ойын айтты

13 мамырда Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деген айыппен сотталды. Сотта экс-министрдің мүддесін қорғаған адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов Tengrinews.kz тілшісімен сұхбатында алғаш рет сот үкімі туралы айтты.

«Біз апелляцияға береміз, үкімге шағымдануға ниеттіміз. Қорғау тарапының пікірінше, судья елеулі процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берді», — деді ол.

Ғазымжанов Бишімбаевқа тағайындалған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы туралы да айтты.

«Қорғаушы тарап Бишімбаевты қинау бабы бойынша айғақтардың жоқтығына байланысты ақтап, адам өлтіргені үшін емес, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп тану керек еді деп есептейді.

Бұл бап (ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігі) 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Осылайша, заң бойынша Бишімбаев осы шекте жазалануы керек», — деп есептейді адвокат.

Адвокат үкім жарияланғаннан кейін Бишімбаевқа тергеу изоляторына барғанын қосты.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.

Өскемендегі жарылыс: Бектенов мәселені жеке бақылауына алды 

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Алматы әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Зейнеткерлер тегін санаторийге бара алады: Кімге, қалай және қаншалықты қолжетімді? 

Қазақстанда зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында санаторий-курорттық ем үйлестіру қарастырылған.

Қытайдағы жойқын жарылыс: 20-дан астам адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды 

Соңғы мәліметтер бойынша, 21 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланған. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин оқиғаны мұқият зерттеуге шақырды,