Қазақстанда бензин мен дизельге тәуліктік лимит енгізіледі

Қазақстанда 17 мамырдан бастап шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынына жаңа бөлшек сауда бағасы енгізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі zan.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзгерістер ҚР Энергетика министрі енгізген жанармай құнын реттейтін түзетулер нәтижесінде енгізіліп отыр.

Жарияланған қаулыға сәйкес қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай шекті бағалар белгіленген:

  • Аи-80 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 245 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қосылған құн салығын қосқанда дизель отынының құны:

  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 315 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;
  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.

Өзгерістер күшіне енгеннен кейін арзан бағамен жанармай құюды қалайтын қазақстандықтар тәуліктік лимитті бақылау үшін жанармай құю бекетінде жүргізуші куәлігі мен тіркеу куәлігін ұсынуы қажет.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Ерлан Қарин жаңа лауазымға келді 

Президент Жарлығымен маңызды тағайындау жасалды. Ерлан Қариннің жаңа қызметі қандай міндеттерді қамтиды?

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр – Тоқаев 

Президент депутаттар цифрлық дәуірге жол ашқанын және басқа елдерде жасанды интеллектіні заң тұрғысынан реттейтін дайын үлгі болмағанын айтты.

Тоқаев сайлау, Құрылтай және партиялардың бірігуіне қатысты мәлімдеме жасады 

Президент жаңа саяси кезең туралы айтып, қоғам назарын аударатын бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.