Бүгін ауа райы қандай болады?

13 мамырда синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің барлық аумағында дерлік жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Қазгидромет кейбір өңірлерде жоғары өрт қаупі бар екенін ескертеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында – найзағай, бұршақ, нөсер күтіледі.

Алматы облысында – таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ұлытау облысында – найзағай күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды ​​облысында – желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында – күндіз найзағай ойнап, бұршақ, нөсер жаууы мүмкін. Облыстың шеткі оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында – тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында – желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысыда – Түркістан облысының шөлейт аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында – найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында — қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында – Қазалы ауданында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында – найзағай күтіледі. Облыстың батысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында – оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысында – күн күркіреп, күндіз найзағай ойнайды, облыстың шығысында және оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада – екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.