Алматыда Жеңіс күні тойланды

Алматыда Ұлы Жеңістің 79 жылдығыyа байланысты негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта басталды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір минут үнсіздіктен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Әкім майдангерлерді мерекемен құттықтап, ұрыс алаңында және еңбек майданында көрсеткен ерліктері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, мол бақыт, амандық тіледі.
Өз кезегінде ардагерлер кездесу барысында қала басшылығына назар аударғаны үшін ризашылық білдіріп, Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарға бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Сондай-ақ естелігін бөлісіп, өлең оқып, соғыс туралы әндер айтты.

28 гвардияшы — панфиловшылар атындағы саябақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін далалық ас үй ұйымдастырылды, мерекелік концерт өтіп, қазақстандық артистер майдан әндері мен соғыстан кейінгі жылдардағы әндерді шырқады.

Сондай-ақ, Алматыда Б.Момышұлы монументіне, Т.Бигелдинов, С.Нұрмағамбетов мемориалдық тақтасына, С.Луганский бюстіне, Ә.Шәріпов ескерткішіне, «Отан ұлдарына мәңгілік естелік», «Белгісіз сарбаздың қабірі» және «Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік даңқ» мемориалдарына гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Ерлан Қарин жаңа лауазымға келді 

Президент Жарлығымен маңызды тағайындау жасалды. Ерлан Қариннің жаңа қызметі қандай міндеттерді қамтиды?

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр – Тоқаев 

Президент депутаттар цифрлық дәуірге жол ашқанын және басқа елдерде жасанды интеллектіні заң тұрғысынан реттейтін дайын үлгі болмағанын айтты.

Тоқаев сайлау, Құрылтай және партиялардың бірігуіне қатысты мәлімдеме жасады 

Президент жаңа саяси кезең туралы айтып, қоғам назарын аударатын бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.