Ресей үкіметі отставкаға кетті

Ресей үкіметі ресми түрде отставкаға кетті. Бұл туралы Ресей министрлер кабинетінің Telegram-арнасында айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

«Ресей Федерациясының Үкіметі туралы» Федералдық конституциялық заңның 35-бабына сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінің жаңадан сайланған Ресей президенті алдындағы өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Ресей Федерациясының президенті қызметіне кіріскен күні Үкіметтің бұйрығымен ресімделеді», — делінген Ресей Федерациясы министрлер кабинетінің хабарламасында.

Премьер-министр, оның орынбасарлары мен министрлер министрлер кабинетінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндетін атқарушы мәртебесінде жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясы президенті Әкімшілігі басшылығының өкілеттігі автоматты түрде аяқталады. Бұл мемлекет басшысының өзі тағайындайтын қызметтер туралы болып отыр. Заңға сәйкес, қызметке кіріскен президенттің шешімімен мұндай қызметкерлерге өз міндеттерін уақытша атқару жүктелуі мүмкін.

Астанада жақында жаңа әуежайдың құрылысы басталады 

Президент Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет екенін атап өтті.

Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Ерлан Қарин жаңа лауазымға келді 

Президент Жарлығымен маңызды тағайындау жасалды. Ерлан Қариннің жаңа қызметі қандай міндеттерді қамтиды?

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр – Тоқаев 

Президент депутаттар цифрлық дәуірге жол ашқанын және басқа елдерде жасанды интеллектіні заң тұрғысынан реттейтін дайын үлгі болмағанын айтты.

Тоқаев сайлау, Құрылтай және партиялардың бірігуіне қатысты мәлімдеме жасады 

Президент жаңа саяси кезең туралы айтып, қоғам назарын аударатын бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.