Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігі «Ашық НҚА» сайтында мерекелік күндер тізіміне қосымша дайындады.

Жаңа мереке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурыздағы үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына сәйкес ұсынылып отыр.

«Жоба қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» мерекесін енгізу үшін әзірленді», — делінген хабарламада.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.