12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Электронды сот төрелігі саланы дамытты

Қазіргі таңда сот органдарымен «Электронды сот төрелігін» іске асыру мен ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде саланың ашықтық пен жариялылыққа қол жеткізіп, жемқорлықтың да жолын кесуге, саланың қарыштап дамуына қол жеткізгенін байқап отырмыз. Жаңа ақпараттық-инновациялық технологиялар енгізілгенінің арқасында еліміздің азаматтары мен заңды тұлғалардың өз құқықтарын соттық қорғауды мейлінше ашық және қолжетімді іске асыруға мүмкіндік берілгені саланы айтарлықтай дамытты.

Қолданыстағы сервистердің негізгі құралы ретінде «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін атауға болады. «Сот кабинеті» электрондық жүйесі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сот жүйесінің анықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жедел жұмыс істеуіне бағытталған. Сот кабинеті арқылы кез-келген тұлға уақытын үнемдей отырып, интернет желісі арқылы онлайн режимде сотқа электронды түрде талап арыздар, сондай-ақ, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, істің қаралу барысын бақылауына мүмкіндігі бар. Сот кабинеті арқылы кез-келген сервис қолданушысы барлық арыз түрлерін сотқа электронды түрде тапсыра алады. Сандық электронды қолтаңбасы бар ел азаматтары уақыттарын үнемдей отырып, кез-келген уақытта интернет желісі арқылы талап арыздарын, шағым мен наразылықтарын жолдай алады. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен, деректермен танысып, сот актісін басып шығара алады.

Озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот отырысының хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімділігін арттырады және жаңа инновациялық бағытпен халыққа тиімділік көрсетеді.

Сот процедураларының ашықтығы мен айқындығы, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігі, бұқара халықтың сотқа қолжетімділігі электронды инновациялық жүйені одар әрі дамытумен арта түспек.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек. Бұл заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталып, сондай-ақ қағазбастылықтан арылтып отыр.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...

Судья әдебі ережелерін қатаң сақтау сот беделін нығайтады

Судья әділдіктің айнасы, тура төреліктің кепілі, заң үстемдігінің символы...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы еркін бәсекелестік қағидаларына негізделген. Бәсекелестікті...