Елімізде күнбағыс майы арзандады

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom деректеріне сілтеме жасап.

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4 пайызға артық.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Екінші және үшінші орындарда Абай мен Ақмола облыстары тұр.

Тазартылмаған өсімдік майын өндіру 15,9 пайызға, 156,8 мың тоннаға, тазартылған – 4 пайызға, 37,6 мың тоннаға дейін өскен.

«Биылғы наурыздың қорытындысы бойынша, ҚР-да өсімдік майының бөлшек сауда бағасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5 пайызға төмендеді. Бұл жағдайда күнбағыс майы 24,6 пайызға төмендеді, ал зәйтүн майы, керісінше, 18,7 пайызға қымбаттады. Өңірлік бөліністе өсімдік майы Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында болмашы арзандағаны тіркелді. Қызылорда облысында айтарлықтай арзандаған», — деп хабарлайды Energyprom.

Тазартылмаған май шығарудың негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында шоғырланған. Тазартылған май өндірісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент және Алматы көш бастап тұр.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.