Мамырда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Консультативтік болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады. Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында,шығысында,оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде қарға ұласатын жаңбыр болуы мүмкін.

Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

  • елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін;
  • елдің оңтүстік жартысында — түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін.
  • елдің батысында түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде жылы ауа массаларының Иран аудандарынан қарқынды шығарылуымен ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанып отыр:

  • республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін.

Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, ыстықтың аздап төмендеуі — солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтіледі.

Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деп күтіліп отыр.

Мамыр айында жауын шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжанған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.