12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотта ешкімге артықшылық берілмейді

Президентіміз айтқандай,  «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге аспайды». Сондықтан, мемлекетіміздің басты мақсаты заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Заң мен соттың алдында жұрттың бәрі тең, ешкімге артықшылық берілмейді. Осыған орай айтсақ, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаттары Азаматтық процестік кодексте бекітілген. АПК-дағы заңдылық қағидатына сай, сотта азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Конституция мен конституциялық заңдардың, аталған кодекстің, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын халықаралық шарттардың талаптары мүлтіксіз сақталады.

Азаматтық сот ісін жүргізуде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, оларды қалпына келтіру басты міндет саналады. Бұған қоса істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз етіп, даудың бейбіт жолмен реттелуіне көмектесу, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң мен сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру, т.б. міндеттер бар. Азаматтық сот ісі заңмен белгіленген қағидаттарға сай жүргізіледі. Олай болмаған жағдайда сот шешімінің күші жойылады.

Азаматтық сот ісі тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Іске қатысушыларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп,  процестік әрекеттерді жасау немесе жасамаудың салдарлары ескертіледі. Сондай-ақ, судья олардың құқықтық позициялары мен дәлелдемелерін нақтылап, істің мән-жайын бірге талқылайды. Сотта процеске қатысатын тұлғаның ар-намысын қорлауға, өзге де қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берілмейді. Азаматтық сот ісін жүргізуде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен, сондай-ақ, басқа да тұлғалардың 9-баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасауынан жеке тұлғаға келтірілген моральдық зиян, жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген залал өтеледі. АПК-нің 10-бабына сай, жеке өмір, отбасылық құпия заңмен қорғалады.  Барлық адамның жеке салымдары мен жинақтары, жазысқан хаттары, өзге де хабарламаларын құпия ұстауға  құқығы бар. Мұндай құқықтың шектелуіне заңда тікелей белгіленген жағдайда ғана жол беріледі.

 Судья сот төрелігін жүргізуде тәуелсіз, ол Конституция мен заңға ғана бағынады. Конституциямен ерекеше белгіленген мемлекеттік лауазымды тұлға болғандықтан судьяның өкілеттігі заңда белгіленген негіздерде ғана тоқтатылады. Тәуелсіздігі мен оған ешкімнің тиіспеуі сот билігі дербестігінің кепілі болып табылады. Мұндай биік мәртебе судьяға зор жауапкершілік жүктейді.

Айгерім Доғалова,

Алмалы аудандық №2 сотының судьясы

Алматы қаласы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...