Бишімбаев пен Байжанов сот отырысына жеткізілген жоқ

Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Себебі айыпталушылар сот залына әлі жеткізілмеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Бишімбаев ісі бойынша сотта тараптардың жарыссөздері басталуы тиіс еді. Тараптар айыпталушылар келмесе сот отырысын жалғастыра алмайтынын жеткізді.

Судья Айжан Құлбаева қатысушылардан сотталушыларсыз процесті қаншалық жалғастыра алатынын сұрады. Айыптау, қорғау және жәбірленуші тарап: «Жоқ, біз сотталушыларсыз бастай алмаймыз», — деп жауап берді.

«Басты сот отырысы айыпталушылардың қатысуымен өтуі керек. Күзет қызметінде проблемалар пайда болғандықтан айыпталушылар сағат 11.00-ден кейін жеткізіледі. Басты сот отырысы 14.30-ға дейін кейінге шегеріледі», — дейді судья Айжан Құлбаева.

Сот отырысының жалғасы бүгін сағат 14.30-да басталады.

Миллиондар бөлінсе де, Ақмолаға дәрігерлер неге тұрақтамайды?

Бас ауырып, балтыр сыздағанда іздейтін ақ халатты абзал жандар...

Әкелер де декретке шыға алады. Қазақстанда жәрдемақыны кім алып жүр? 

2026 жылдың бес айында бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алғандардың 99,8%-ы – аналар, ал әкелердің үлесі небәрі 0,2%-ды құрады.

Елімізде бір тәулік ішінде бес орман өрті тіркелді 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.

Журналист мәртебесі қалай өзгерді? Қазақстандағы БАҚ саласындағы басты өзгерістер 

Соңғы жылдары Қазақстанда медиа саласын реттейтін заңдар жаңартылып, журналистердің құқықтық мәртебесі күшейтілді. Сонымен бірге кәсіби жауапкершілікке қойылатын талаптар да артты. 

БҰҰ: Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті 

24 маусым кешінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін елде ауқымды гуманитарлық дағдарыс қалыптасты.