Абай облысындағы орман өрті сөндірілді

Абай облысындағы орман өрті сөндірілді. Бұл туралы Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалына қарасты Дмитрев орман шаруашылығындағы 0,8 гектар аумақтағы табиғи өрт сөндірілді.

Өртті сөндіруге Абай ауданы төтенше жағдайлар департаменті мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Абай облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Еске салайық, 26 сәуірде Абай облысында тағы да орман өртенген еді. Өрт Бородулиха ауданындағы шалғай аумақта болды. Орман өртін сөндіруге қосымша күш жұмылдырылды.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.