Қазақстанда балалар қанша жасқа дейін пойыздарда тегін жүре алады?

Жақында жазғы демалыс басталады, жол жүретін қазақстандықтар көбейеді. Балалар қай жасқа дейін пойыздарда тегін жүре алады? ҚТЖ түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі мәліметінше, компания өз жұмысында «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережесін» басшылыққа алады.

«Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жолаушыға жеке орын алмаса, 7 жастан аспаған бір баланы пойыздарда тегін тасымалдауға рұқсат етіледі. Жеке орын алу үшін балалар билетін сатып алу қажет. Егер 7 жастан аспаған бірнеше баласы бар отбасы саяхаттаса, онда бір ересек адам тек бір баланы тегін алып жүре алады, қалған балаларға балалар билеті сатып алынады», – деп хабарлады ҚТЖ.

7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға балалар билетімен жүруге рұқсат етілгені нақтыланды. Балалар билетінің құны ересектерге арналған билет құнының 50 пайызы болады.

«Билет кассасында және пойызға отырғызу кезінде баланың жасын растайтын құжат көрсетіледі: баланың туу туралы куәлігі немесе оның заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы пойызға отырғызу кезінде кәмелетке толмаған баланы алып жүру құқығын беретін нотариалды куәландырылған құжатты көрсетуі керек», – деп еске салды ҚТЖ.

15 жастан бастап балаға ересек билет сатып алынады. Бұл жастағы балалар ересек адамның еріп жүруінсіз, бірақ олардың заңды өкілінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімімен өз бетінше саяхаттай алады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.