Алматыдағы атышулы автобус апаты: сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатына қатысты жарыссөз жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыға сөз берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы жүргізуші арандатқанын, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болғанын айтты.

«Жүргізуші мені барлық адамның көзінше балағаттап, мені көліктен шығармай қойды. Бұл — арандату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындаймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындамаймын, өйткені Шокебаева есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды. Соттан кәмелетке толмаған үш балам бар екенін және бұл менің бірінші рет құқық бұзуым екенін ескеруін сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындауды сұраймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша мені ақтауыңызды сұраймын. Барлық зардап шеккендерден шын жүректен кешірім сұраймын», — деді Ахметжанов.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.