Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар – бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды.

Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын.

Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс істеді. Соның арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы – балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Миллиондар бөлінсе де, Ақмолаға дәрігерлер неге тұрақтамайды?

Бас ауырып, балтыр сыздағанда іздейтін ақ халатты абзал жандар...

Әкелер де декретке шыға алады. Қазақстанда жәрдемақыны кім алып жүр? 

2026 жылдың бес айында бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алғандардың 99,8%-ы – аналар, ал әкелердің үлесі небәрі 0,2%-ды құрады.

Елімізде бір тәулік ішінде бес орман өрті тіркелді 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.

Журналист мәртебесі қалай өзгерді? Қазақстандағы БАҚ саласындағы басты өзгерістер 

Соңғы жылдары Қазақстанда медиа саласын реттейтін заңдар жаңартылып, журналистердің құқықтық мәртебесі күшейтілді. Сонымен бірге кәсіби жауапкершілікке қойылатын талаптар да артты. 

БҰҰ: Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті 

24 маусым кешінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін елде ауқымды гуманитарлық дағдарыс қалыптасты.