12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті азаматтар! Көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына түзетулер енгізілді», — деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Біріншіден, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді қайта алу жеңілдетілген.

«Егер сіз басқа аймаққа көшкен болсаңыз, онда алдыңғы аймақта алынған жоғары сұранысқа ие нөмірді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар, дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Біз бұл түзетулерді осыған ұқсас жағдайларға тап болған азаматтардың өтініштерін ескере отырып ұсындық», — деді ол.

Екіншіден, көлікті тіркеу процесін жеңілдету үшін оның техникалық сипаттамалары бойынша бірқатар қағаз құжаттардан бас тартылған.

«Қазақстанда көлікті бастапқы тіркеу кезінде біз бұл құжаттарды мемлекеттік органдардың дерекқорынан электронды түрде алатын боламыз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру бойынша талап қайтарылды. Дәл осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілді. Бұдан басқа, «А», «В» санатындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізу куәлігін алу үшін міндетті түрде көлік мектептерінде оқудан өту қажет. Олар көліктердің ең көп таралған түрлері болып табылады. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Сондықтан оларды жүргізу үшін кешенді теориялық және практикалық даярлықтан өту керек».

Жалпы 53 түзету қабылданған. Олар биылғы 23 сәуірден бастап күшіне енді.

«Құрметті азаматтар! Аталған түзетулер ең алдымен сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтарға полиция тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Алматыдағы BRT құрылысы: қай көшелерде жұмыстар жүріп жатыр?

Алматыда Райымбек батыр даңғылы бойында көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айда Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

Құрметті достар! Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жүрекке...

Қазақстанда мәжбүрлі неке қию әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді.

Қазақстанда туу көрсеткіші соңғы 11 жылда ең төмен деңгейге түсті

2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Мұндай мәліметтерді бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жариялады.

Құрғақшылық қаупі: Қазақстанның қай аймақтарында жағдай күрделі?

Құрғақшылық Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының солтүстік аудандарында байқалуы мүмкін.