12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 
Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта қызметкерлерді әр қадамнан табуға болады. Өйткені, кеңсе жұмысы әр түрлі қызмет бағыттарымен заңды тұлғалардың,  мемлекеттік мекемелердің әрбір нақты қызметкеріне қойылған міндеттерді қамтитын жалпы түсінік.
Кеңсе қызметкері жұмысының артықшылығы бар, соның бірі сот отырысының хатшысы да соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде өте маңызды рөл атқарады. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді және сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер енгізген жағдайда заңда көзделген жауаптылықта болады.
Бір қарағанда, сот отырысының хатшысы жұмысы осы адамның сот отырысы залында қатысуымен ғана шектелетін сияқты болып көрінеді. Бірақ, шын мәнінде сот отырысының хатшысы міндеті мұнымен шектеліп қана қоймайды. Оның бірден көзге көріне қоймайтын бейнеті де кездесіп жатады. Яғни, көп жұмысты хатшыдан тиянақтылықты, өз ісін беріле атқаруды талап етеді. Нақтырақ айтқанда, сот отырысының хатшысы іс материалдарын сот отырысында қарауға дайындаумен айналысады, хабарламаларды, шақыру қағаздарын, смс-хабарламаларды процеске қатысушылар мен тараптарға жібереді, процеске қатысушы адамдардың келуін де қамтамасыз етеді. Бұған қоса, сот отырысына қатысады және сот отырысының хаттамасын жүргізеді, сот актілерін орындайды, сот істерін заңнама талаптарына сәйкес ресімдейді, құжаттарды мұрағаттайды және оларды сот мұрағатына тапсырады.
Қазіргі таңда барлық сотта электронды құжат айналымы қолданылып келеді, ол дегеніміз іс құжаттары, сотқа келіп түсетін кеңсе құжаттары электронды түрде «Төрелік» бағдарламасында көрініп тұрады.
Электронды құжат кеңсеге келіп түскенде және шығыс хаттары жолданғанда міндетте түрде эцқ (электронды цифрлы қойылым) қойылуы арқылы жүзеге асырылады. Электронды құжат айналымының пайдасымен қатар жұмыста кей жағдайда кемшіліктері де орын алып отырады. Оған мысал келтіретін болсақ, сот отырысының хатшысы смс хабарламар арқылы іске қатысушыларды шақырту барысында кей кезде смс хабарламалардың, электронды пошталардың жасамай қалуынан және тағы басқа да ақауларға байланысты эцқ-ның уақытылы қойылмай қалып, жұмыстың уақытылы жүруіне кедергі келтіретін кездері кезігіп жатады. Мұндай жағдайда сот отырысының хатшысы дәлел ретінде кемшіліктердің болуына байланысты акт толтырып, оған судья, сот отырысының хатшысы, сот әкімшісінің басшысы қолдарын қойып, «Төрелік» бағдарламасында іс карточкасына тіркеп қояды. Аталған кедергілерге қарамастан, сот отырысының хатшысы жұмысын оңтайлы етіп, уақытылы сот отырыстарын “Watsapp” қосымша желісі арқылы жалғастырады.
 Қорыта келе, электронды құжат айналымы кеңсе қызметкерлерінің де, сот отырысының хатшысының да жұмысын әлдеқайда оңайлатты деп айтуға болады. Көп құжаттармен жұмыс жасағаннан гөрі, электронды түрде жұмыс жасаған кеңсе мамандары да, сот отырысының хатшылары да өз міндеттерін өте оңай, тез әрі уақытты үнемді жұмсайды.
 
Ақтөбе облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының бас маманы –
сот отырысының хатшысы                                 А.Берікова

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...