spot_img
spot_img

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп, халықтың береке-бірлігін сақтауды мақсат етті. Сол мақсаттарын дау-жанжал шешуде шебер пайдалана білді. Заманауи сот жүйесін билер сотының заңды жалғасы десек, тәуелсіз елімізде дау-жанжалды медиация тәсілдерімен шешу шаралары жан-жақты жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бастамасымен енгізілген жобалар, сондай-ақ, татуласу орталықтары бітімгершілік институтының жаршысы болып отыр. Сотқа келушілерге дауды сотсыз аяқтаудың артықшылықтары заң аясында түсіндіріледі. Бұл өз кезегінде даулы істердің ортақ келісіммен бітуіне кеңінен жол ашуда.

Дау шешудің баламалы тәсілдері Медиация туралы, Азаматтық процестік, Қылмыстық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік, т.б. кодекстер мен заңдарда айқындалған. Мысалы, Азаматтық процестік кодекстің 17-тарауы толықтай татуласу рәсімдеріне арналған. Осы тарауда  көзделген қағидаларға орай, тараптар татуласу, дау-жанжалды медиация тәртібімен немесе  партисипативтік рәсіммен реттеу туралы келісімдердің бірі арқылы дауды өзара реттейді. Судья тараптардың татуласуына қажетті шаралар қабылдап, даудың процестің барлық сатысында реттелуіне көмектеседі. Бұған қоса ол тараптарды осы кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес дәлелдемелерді өзара ашу және ұсыну құқығы туралы хабардар етеді.

Заң талаптарымен айқындалғандай, татуласу келісімі сот шешім шығаруға кеткенге дейін немесе сот актісінің орындалуы кезінде жазбаша жасалады. Оған тараптардың өздері  немесе  өкілеттігі бар өкілдер қол қояды. Тараптар медиация тәртібімен келісімге келмеген, сондай-ақ, медиация шартын сот бекітпеген жағдайда іс жалпы тәртіпте талқыланады. Татуласу келісім шартын орындау міндеті екі жаққа бірдей жүктеледі. 

Татуласудың артықшылығы іс қысқартылады және оған қарсы талап арыз келтірілмейді. Мемлекеттік баж қайтарылады. Ең бастысы тараптар мүддесі теңдей сақталады. Медиация тәртібімен реттеу туралы сот бекіткен келісім Азаматтық процестік кодекстің 178-бабында сай жүргізіледі. Дауды өзара келісіммен аяқтағаннан ұтпаса, ұтылмайтынын көпшілік бүгінде жақсы түсінуде. Медиация институты қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуда таптырмас тәсіл екенін уақыттың өзі дәлеледеп отыр. Бабаларымыздың дау шешудегі дара жолын әлемдегі бәсекеге қа­білетті, озық елдер қата­рына қосылуға бағытталған маңызды қадам деуге толық негіз бар.

Жамиля Арстанова,

Бостандық аудандық сотының судьясы Алматы қаласы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...