Биыл Қазақстанда қандай ұзақ мерзімді жол құрылыстарын аяқтау жоспарланған?

2024 жылы 3,1 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 1,9 мың шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Tengri Auto ресми сауалына жауап ретінде «ҚазАвтоЖол» биыл қандай ұзақмерзімді құрылыс жобалары ашылатынын хабарлады.

Биыл бірқатар ұзақ мерзімді құрылыс нысандарын, соның ішінде республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын аяқтау жоспарланған:

  • Астана – Балқаш – Алматы тасжолы (885 шақырым).
  • Атырау – Ресей шекарасы, Астрахань тасжолы (217 шақырым).
  • Ақтөбе – Қандыағаш тасжолы (96 шақырым),
  • Талдықорған – Өскемен тасжолы (768 шақырым).

Компания мәліметінше, бүгінде жұмыстың 80 пайыздан астам орындалған.

«Астана — Алматы бағыты бойынша Орталық — Оңтүстік дәлізін қайта жаңарту шеңберінде Қарағанды — Балқашты (363 шақырым – аяқтау, шартқа сәйкес, 2024 жылғы 30 қарашада) қайта құрудың төрт негізгі учаскесін қамтитын жалпы ұзындығы 946 шақырым жобалары іске асыру жүргізіліп жатыр: Балқаш — Бурылбайтал (288 шақырым — толық аяқтау 2025 жылға жоспарланған), Бурылбайтал-Құрты (228 шақырым — учаскелер бойынша жұмыстарды аяқтау 2024-2025 жылдарға көзделген) және Құрты — Қонаев (67 шақырым — толық аяқтау 2025 жылға жоспарланған). Жол 850 шақырымнан астам жаңа асфальтбетон төсемімен қамтамасыз етілген», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

  • Талдықорған – Өскемен тасжолын 2024 жылдың 30 қарашасында аяқтау жоспарланған:
  • Ақтөбе-Қандыағаш тасжолы – биыл желтоқсанда.
  • «Атырау-Ресей шекарасы» тасжолы да (Астраханьға дейін) 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады деп уәде етілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.