Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық болады?

«Қазгидромет» РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева мамыр айына арналған болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, 2024 жылдың мамырында негізгі егін шаруашылығы өңірлерінде ылғалдық көбіне нормаға жуық және жоғары болып күтілуде.

«Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық күтілуде, мұнда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарлауы болжанады», — деді ол.

Ал, бірқалыпты ылғалды жағдай болжанған өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы;
  • Қостанай облысының Қарабалық, Сарыкөл, Қарасу, Әулиекөл аудандарында және Б.Майлин атындағы ауданда;
  • Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Ақкөл, Жарқайың, Астрахан және Шортанды аудандарында;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Қашыр, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала, Ақжайық, Жаңақала аудандарында және Орал қаласында;
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Ыргыз, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласында;
  • Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында;
  • Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Самара, Катонқарағай, Куршим аудандарында және Алтай ауданында;
  • Түркістан облысының Қазығұрт және Қаратау аудандарында.

Маман мамырда өте ылғалдық сақталатын өңірлерді атады.

«Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандарында және Павлодар қаласында қажетті ылғал сақталмақ. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде», — деді Қамар Сәлиева.

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер мен танымал тұлғалар заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.