Қазақстанда көлігіне қате «ГАЗ» белгісін жабыстырған жүргізушілерге айыппұл салынады ма?

2024 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандық жүргізушілер газбен жүретін көлігіне арнайы белгі қоюға міндеттелді. Tengri Auto стандартқа сай келмейтін сәйкестендіру жапсырмасы үшін жүргізушілерге айыппұл салына ма, анықтап көрді.

ІІМ ресми сауалға берген жауабында, Қазақстанда қозғалтқыштары сығымдалған газ немесе сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін газ баллон жабдығымен жабдықталған автокөліктерді өзге мақсаттағы кіріктірілген және жапсарлас ғимараттарға, сондай-ақ жерасты көлік тұрақтары және жабық үлгідегі кез келген үй-жайларға кіргізуге жол берілмейтіні айтылған.

Бұл талаптар орындалуы үшін көлікте ГБЖ (газ баллон жабдығы) бар-жоғын визуалды түрде анықтау қажет. Қазіргі уақытта көлік қандай жанармаймен жүретінін оған қарап анықтау мүмкін емес. Сондықтан «ГАЗ» белгісі жасалды.

«2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Газ жабдығы бар автомобиль» белгісі іс жүзінде ұлттық стандартқа енгізілді, бұл ретте оның параметрлеріне қойылатын талаптар Жол қозғалысы ережелерімен реттелуі тиіс. Қазіргі уақытта тиісті түзетуді қамтитын бұйрық жобасы Әділет министрлігінде қаралып жатр», — деп толықтырды ведомство.

Атап айтқанда, ІІМ мәліметінше, бұйрық жобасына сәйкес: «Газ жабдығы бар автокөлік» белгісі леп белгісі мен қара түсті «ГАЗ» деген жазу. Ұшбырыштың бұрышы жоғары қарайды, сары түсті және қара жиегі бар (үшбұрыштың бүйірі жүз елу миллиметрден кем емес, шекараның ені – бүйірінің 1/10 бөлігі). Газ баллонды жабдығы бар автокөлік құралдарының артына жабыстыралды.

Кейбір жауапты жүргізушілер ереже енгізілмей тұрып-ақ өз көліктеріне ГБЖ орнатылғанын ескертетін белгі қойған. Бірақ олардың белгілері әртүрлі, өйткені ол кезде белгілер стандарты әлі бекітілмеген. Мұндай жүргізушілерге «дұрыс емес» белгі үшін айыппұл салына ма, жоқ па?

«Бұл норма әлі қабылданбағанын ескере отырып, бұл мәселе бойынша құқық қолдану тәжірибесі жоқ, ал стандартқа сәйкес келмейтін жапсырмалар үшін қазақстандықтарға айыппұл салынбайды», — деп сендірді ведомство.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.

236 шетел азаматы Қазақстаннан күштеп шығарылды

Полицияның мәліметінше, Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданған.

19 қазаннан бастап дүкендердегі тауардың кемінде 30%-ы отандық өнім болуға тиіс

19 қазаннан бастап Қазақстанда ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді дүкендерде Қазақстан өнімдеріне сауда сөрелері мен алаңдарының кемінде 30%-ы бөлінуге тиіс.

Қазақстанда алимент төлемеген 1500-ден астам адам іздеуде жүр

Қазақстанда алимент төлемей, іздеуге жарияланған 1500-ден астам адамның тізімі...

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.