Су тасқынынан кейін 22 734 адам үйлеріне оралды — министрлік

Елімізде авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36,5 мың адам жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі Асқар Шәріп мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, азаматтарды құлақтандыру, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына Жайық өзені арқылы Ресей Федерациясы жағынан су тасқынының екінші толқынына қарсы іс-шаралар ерекше бақылауда тұр. Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру әрі нығайту жалғасады. Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселді, 4 424 км бөгет тұрғызылды, бөгеттердің іргесін нығайту жалғасып жатыр. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жасалып отыр, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын іске асырылады», — деді А. Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде.

«Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлер мен аумақтардан суды шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36 484 адам, 5 083 техника, 888 су сору құралы, 381 жүзу құралы, 16 әуе көлігіжұмылдырылды», — деді министрлік өкілі.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.