Мамырдағы демалыс күндеріне қатысты бұйрыққа қол қойылды

Қазақстанда мамырдағы демалыс күндер ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында:

«Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады. Яғни қазақстандықтар 4 мамыр — сенбі жұмыс істеп, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады», — делінген хабраламада.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

  • осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.