12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың бірі. Алайда, әртүрлі салада, әркімге түсінікті бола бермейтін кәсіби терминдік сөздер бар. Көпшілік осыған келгенде қиындықтарға кезігіп жатады. Сондай терминнің бірі құқық саласында қолданылатын – апостиль сөзі.

Мұны қарапайым тұрғыда түсіндірсек, ол – құжатқа қол қойған тұлғаның қолтаңба түпнұсқалылығын куәландыру және оның өкілеттіктерін растау, сондай-ақ осындай құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын растау.

 Сот органдарынан шығатын,  басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған құжаттарды апостильдеу, қысқасы заңдастыру мемлекеттік қызмет көрсетудің түріне жатады.

          «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ережесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде болып табылады. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз  түрінде);

 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы (мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) жүзеге асырылады. Ішінара автоматтандырылған деуіміздің себебі – көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда ұсынған ресми құжаттың түпнұсқасын тексергеннен кейін қызмет көрсетуші көрсетілетін қызметті алушы тағайындалған уақытта ресми құжаттың түпнұсқасын ұсынғаннан кейін ғана құжатқа апостиль қояды.

            Аталған мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынады. (АЕК:2 = 3692: 2 = 1846 теңге).

            Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі: 1) «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ережесінің 1-қосымшасына сәйкес өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат; 4) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін); 5) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер ауысым Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжаттың көшірмесі ұсынылмайды); 6) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда). Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш; 2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі); 3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда); 4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі, егер ауысым Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжаттың көшірмесі ұсынылмайды). Егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылдан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген болса, жеке басты куәландыратын, тегінің, атының, әкесінің атының ауысқанын растайтын құжаттар туралы, сондай-ақ бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Бұл үшін көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Мұханбетқали Көркем Жамбылқызы, Қызылорда қалалық сот әкімшісінің  

                                                                  жетекші маманы        

                                                               

Эксаумақтық соттылық — сотқа деген сенімді нығайтады

Эксаумақтық соттық – сот жүйесіндегі соңғы жаңашылдықтардың бірі. Азаматтық...

«Мемлекеттік тілді қолдану аясын дамыту»

Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, өйткені ата-бабамыздан келе...

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...