Бишімбаев ісі Қазақстанның имиджіне әсер етті ме? СІМ жауабы

Қуандық Бишімбаевтың атышулы ісі Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджіне әсер етті ме? Бұл сұраққа Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте журналистер Смадияровтан Бишімбаевқа қатысты сот процесі аясында Еуропа мен Америкадағы бірқатар шерулерге қатысты пікір беруді сұрады.

«Оны елімізде болып жатқан процестерді жақын қабылдаған қарапайым азаматтар ұйымдастырған болар. Бүгін Мемлекет басшысы заңға қол қойды (тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы — еск.). Қазақстанның имиджіне ешқандай нұқсан жоқ деп ойлаймын. Расында, көптеген аймақтық серіктестермен салыстырғанда біз әлдеқайда алдамыз. Бұл – халқымыздың шетелдегі азаматтық ұстанымының қалыпты көрінісі. Жастардың бұған өте белсенді қатысып, өз ұстанымдарын көрсетіп жатқаны қуанарлық жайт», — деп жауап берді СІМ ресми өкілі.

Бұл процестің өзі Қазақстанның имиджіне әсер етті ме деген сұраққа Смадияров: «Мүлде әсер еткен жоқ» деп теріске шығаратын жауап берді.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.