12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады.

«Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді», — делінген хабарламада.

Еске салайық, Иран Израильге әуеден шабуыл жасады. 13 сәуірдің кешінде Ираннан Израильге қарай ондаған баллистикалық зымыран мен жүзден астам ұшқышсыз ұшақ ұшырылды. Бұл әрекет сәуір айының басында Иранның Сириядағы консулдығын израильдік ұшақтардың қиратуына және жоғары лауазымды ирандық генералдардың қазасына жауап ретінде жасалған.

«Израиль режимінің қылмыстарына жауап ретінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының аэроғарыш күштері басып алынған (Палестина — шамамен) аумақтардағы (яғни, Израиль — шамамен) белгілі бір нысандарды көздеп, оқ жаудырды. Ондаған зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар ұшырды», — деп хабарлады Иранның Мехр агенттігі.

Бұған дейін Израильдің Кан мемлекеттік радиостанциясы әскери есептерге сілтеме жасай отырып, ирандық ұшқышсыз ұшақтар жексенбі күні таңғы сағат 02:30-дан 05:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша 04:30 және 07:00 — шамасында) Израиль аумағына жетуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Израиль қорғаныс күштері (IDF) Иранның өздеріне қарсы ұшқышсыз ұшақтарды атқылағанын растады. IDF әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі мен қарулы күштер жоғары дайындыққа алынғанын хабарлады.

ABC News хабарлауынша, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері Израильге Иран, Ирак, Сирия, Ливанның оңтүстігі мен Йеменнен 400-500 ұшқышсыз ұшақ пен зымыран ұшырылады деп есептейді.

Иранның Израильге шабуылының басталуына байланысты премьер-министр Биньямин Нетаньяху Тель-Авивте шұғыл жиын өткізді.

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.