АҚМОЛА ҮЗДІКТЕР КӨШІН БАСТАП ТҰР

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, наурыздың басында Қазақстандағы кәсіпорын саны 2471 болды. Оның 180-і Ақмола облысында орналасқан. Ақмола облысы кәсіпорындар саны жағынан республикада тек Қарағанды (224) облысынан ғана қалып тұр. Яғни, бұл қатарда Ұлытау (39), Жетісу (61), Абай (70), Батыс Қазқстан (81), Қызылорда (87), Солтүстік Қазақстан облыстарымен (92) салыстырғанда өндіріс орны санының айырмашылығы 4 еседен асады.

Өнеркәсіптік өндіріс индексі 2024 жылдың алғашқы екі айында Ақмола облысында 108 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш республикада 104,6 пайыз болды. Яғни, Ақмола облысы өнеркәсіптік өндіріс индексі бойынша елімізде Шығыс Қазақстан (118,3 пайыз) мен Ақтөбе облысынан (111,8 пайыз) кейін үздік үштікте тұр. Бұл көрсеткіш жағынан Шымкент қаласы (97,8 пайыз) мен Алматы (97,2 пайыз), Жамбыл (92,8 пайыз) облыстары тізімде көш соңында қалып қойды. Өнеркәсіптік өндіріс индексі Ақмола облысында құрамында алтыны бар кендер, доре қорытпасындағы алтын өндіруде жоғары болды. Өнеркәсіптік өндіріс индексі (ӨӨИ) жалпы республикада металл кендерін (107,2%) және өзге де пайдалы қазбаларды (102,9%) өндіру салаларының және тау-кен өнеркәсібі қызметтерінің (106,9%) артуына байланысты 2024 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 101,9% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 107,4% болды. Өсу химия өнеркәсібі – 25,3%, металлургия – 10,6%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде – 24,3%, машина жасауда – 23,4%, өзге де дайын бұйымдарда 1,8 есе белгіленді. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда электр энергиясын өндіру, беру және тарату көлемдерінің 7,5% артуы есебінен 104,9% құрады. Қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімдері 7502,7 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімдерінің 47,5 пайызы немесе 3566,7 млрд теңгесі кен өндіру саласында, 43,2 пайызы немесе 3237,9 млрд теңгесі өңдеу саласының үлесіне тиеді. Егер Ақмола облысындағы өнеркәсіп өнімінің көлеміне тоқталар болсақ, қаңтарда 141 807 млн теңгені, ақпанда 138073 млн теңгені, ал есептік кезеңде 279 879 млн теңгені құрап отыр.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Әкелер де декретке шыға алады. Қазақстанда жәрдемақыны кім алып жүр? 

2026 жылдың бес айында бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алғандардың 99,8%-ы – аналар, ал әкелердің үлесі небәрі 0,2%-ды құрады.

Елімізде бір тәулік ішінде бес орман өрті тіркелді 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.

Журналист мәртебесі қалай өзгерді? Қазақстандағы БАҚ саласындағы басты өзгерістер 

Соңғы жылдары Қазақстанда медиа саласын реттейтін заңдар жаңартылып, журналистердің құқықтық мәртебесі күшейтілді. Сонымен бірге кәсіби жауапкершілікке қойылатын талаптар да артты. 

БҰҰ: Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті 

24 маусым кешінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін елде ауқымды гуманитарлық дағдарыс қалыптасты.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.