30 мың алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр — ТЖМ «Ақсай» бөгеті туралы

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ч.С. Аринов құрылысы кезінде ақша ұрланған «Ақсай» өзенінің бассейніндегі селді ұстап тұрған бөгетке қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ірі ұрлықтың жасалғаны селді ұстап тұрған бөгетті тексеру кезінде анықталды. Мердігердің нысанды салу бойынша міндеттемелерін орындамағанынан 30 мыңға жуық алматылықтың өміріне қауіп төніп тұр.

«Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады ТЖМ.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Алматыда төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен шарт жасасқан мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. ЖШС «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.