Қазақстанда 8 мамыр да демалыс күні болуы мүмкін

Үкімет қазақстандықтардың мамыр айындағы демалыс күндерін ауыстыруды қарастырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамыр айында 3 мереке күні бар:

  • Қазақстан халықтарының бірлігі күні — 1 мамыр (сәрсенбі);
  • Отан қорғаушылар күні — 7 мамыр (сейсенбі);
  • Жеңіс күні — 9 мамыр (бейсенбі).

Осылайша қазақстандықтар бір күн жұмыс істеп, қайтадан демалып, қайтадан жұмыс істеп, қайтадан демалып, ыңғайсыздық тудырады.

«Ашық НҚА» сайтында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрығының жобасы пайда болды. Жоба 25 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

«Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамыр, сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыру», — делінген құжат жобасында.

Егер жоба мақұлданса, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1 мамыр, 5 мамыр, 7, 8, 9 мамыр және 11-12 мамырда демалады. Ал 2-3 мамыр, 6 мамыр және 10 мамыр жұмыс күні болады.

Алдымызда толыққанды цифрлық мемлекет құру міндеті тұр – Тоқаев 

Президент депутаттар цифрлық дәуірге жол ашқанын және басқа елдерде жасанды интеллектіні заң тұрғысынан реттейтін дайын үлгі болмағанын айтты.

Тоқаев сайлау, Құрылтай және партиялардың бірігуіне қатысты мәлімдеме жасады 

Президент жаңа саяси кезең туралы айтып, қоғам назарын аударатын бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.

Алматылықтарға Үлкен Алматы өзеніне шомылудың қауіпті екені ескертілді 

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Үлкен Алматы өзеніне шомылмауға шақырды.

Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.