Бишімбаевтың адвокаттары сот залына кіргізілмеді

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Бүгін экс-министрдің адвокаттары Лейла Рамазанова мен Назкен Кусайынова сот отырысына кешігіп келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы басталмас бұрын Бишімбаев судьядан қорғаушыларын күтуді сұрады. Алайда судья Айжан Кулбаева өтініштен бас тартып, сот отырысы жалғасты.

Судья кеше басталған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді жалғастыруды ұсынды. Кейін сотталушының тағы бір қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов әріптестерінің сот ғимаратына келіп, есік алдында күтіп тұрғанын айтты.

«Олар сот залына кіруге рұқсат сұрап жатыр», — деді адвокат судьяға.

Алайда судья Кулбаева екі адвокаттың да үзілістен кейін кіре алатынын айтып, қарсылық білдірді.

«Бұған дейін өткен сот отырыстарында тараптарға сот отырысына кешікпеу туралы бірнеше рет нұсқау берілген. Бұл — сот, онлайн-трансляция жүріп жатыр. Осы кезеңде сот отырысы 9:30-да басталатынын біліп, қорғаушылар кешігіп қалды. Осы себепті қазір кіргізілмейді. Өтінемін, сот үзіліс жасағанда, олар сізге қосыла алады», — деді судья.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.