Павлодар облысында 2,1 миллиард теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Павлодар облысында негізсіз ұзақ мерзімге жалға алынған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» ШҚ 20 жыл мерзімге 1 552 гектар жайылымды негізсіз беру дерегін анықтаған.

«Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.

Облыстың МАЭС шешімі бойынша, департаменттің талап қоюдан бас тартылды», — делінген хабарламада.

Бұл ретте сот учаскені беру мүмкін емес екенін назарға алған жоқ, өйткені ол елді мекеннің жерлеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған.

«Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап қанағаттандырылды, құны 2,1 миллиард теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды», — делінген хабарламада.

Елімізде бір тәулік ішінде бес орман өрті тіркелді 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.

Журналист мәртебесі қалай өзгерді? Қазақстандағы БАҚ саласындағы басты өзгерістер 

Соңғы жылдары Қазақстанда медиа саласын реттейтін заңдар жаңартылып, журналистердің құқықтық мәртебесі күшейтілді. Сонымен бірге кәсіби жауапкершілікке қойылатын талаптар да артты. 

БҰҰ: Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті 

24 маусым кешінде болған жойқын жер сілкінісінен кейін елде ауқымды гуманитарлық дағдарыс қалыптасты.

Енді әріптесіңіздің орнына жұмысын істесеңіз қосымша ақша төленеді: Еңбек кодексіндегі өзгерістер 

Маманның сөзінше, заң енді қызметкердің жағында. Оны пайдалана білу керек.

Қазақстан Қытайдан жанармай импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр 

Импорттық кедендік баж нөлге дейін төмендетіліп, ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету үшін жанармай экспортына қойылған шектеулер сақталады.