Бишімбаевтың ісі: судьяның ескертулері адвокаттарға қандай қауіп төндіреді?

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот отырысы барысында судья Айжан Кулбаева сотталушының қорғаушыларына да, жәбірленуші тараптың адвокаттарына да бірнеше рет ескерту жасады. Tengrinews.kz тілшісі заңгерлерден судьяның ескертуі адвокаттар үшін нені білдіретінін сұрады.

Жағдайға қатысты пікір білдірген заңгер Данияр Байғабатов судьяның барлық ескертуі негізсіз емес екенін атап өтті. Ол отырыстың «базарға» айналып кетпеуі үшін қажет.

«Ескертулер іс жүргізу нормаларының айқын, өрескел бұзылуын болдырмау үшін қажет. Қорғаушылар тарапының судьяға қарсылық білдіруіне негіз болмауы үшін. Екінші жағдайы – ол жерде алқабилердің отыруы. Яғни, тыңдау кезіндегі мақсат: қорғаушыларға сотталушының кінәсіздігіне сендіру, мемлекеттік айыптау және жәбірленуші өкілдері үшін – керісінше. Әр тарап өз пікірін айтып, дәлелдер келтіреді, бірақ қақтығыс пен дауға жол беруге болмайды. Сондықтан, алқабилер арасында түсініспеушілік туындамас үшін және қате пікірге жол бермеу үшін судья ескертулер жасайды. Оның үстіне процесс ашық және трансляция жасалып жатыр», — деп түсіндірді Байғабатов.

Сот отырыстарының бірінде судья Бишімбаевтың қорғаушысына сотты жаңылыстырғаны үшін ескерту жасады. Судья «іс бойынша түпкілікті шешім қабылдағанда тиісті шараларды қолданатынын» айтты. Адвокаттың айуынша, бұл жағдайда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары процеске қатысушылардың барлығына қатысты белгілі бір шараларды қарастырады.

«Көбінесе судьялар тараптардың біріне қатысты жеке ұйғарым шығарады. Судьяның қарауы бойынша шара қолданылады. Сот өзі шешеді», — деп қосты ол.

Бұл ретте адвокат Дмитрий Куряченко сот отырысы кезінде тәртіпті бұзғаны немесе сыйламағаны үшін сот тәртіп бұзушыларға ескерту жасап, 20 АЕК (2024 жылы 73 000) көлемінде әкімшілік айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, сотты құрметтемеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қорғаушының айтуынша, бұл үшін 200 АЕК (2024 жылы шамамен 370 000 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.