12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ҚАУІПТІ СЕЙІЛТУГЕ ҚОСЫП ЖАТҚАН ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Ақмола облысы су тасқыны кезінде төтенше жағдай қызметі мен су тасқынымен күрес барысында жедел құтқару жасағының қызметкерлері тасқын судың құрсауында қалып қойған адамдармен қоса жан-жануарларды да құтқарып жатыр. Қар суының қосылуына байланысты Нұра өзені ернеуінен асып, Целиноград ауданының аумағына жайылуда. Сол себепті құтқарушылар мал-жанға төнген қауіпті сейілту үшін барынша күрес жүргізуде. 

Бұған дейін өзен суының жанындағы дамбаларды бұзып өту қаупі төнген аймақтарға құм-тастан жасанды бөгеттер қойылған. Бірақ соған қарамастан су мөлшерінің шамадан тыс көбеюіне байланысты өңірдің бірнеше аймағында өзен тасып кеткен. Салдарынан арнасынан асып кеткен тасқындардан құтқарушылар алдымен Нұра өзенінің маңындағы 6 жылқыны құтқарса, Рақымжан Қошқарбаев ауылының маңынан 12 жануарды судан алып шықты. Бұған дейін құтқарушылар бір табын жылқыны су құрсауынан босатып, иелеріне қайтарған еді. Өңірдегі су тасқынына қарсы шараларға Қарағанды қаласындағы 52859 әскери бөлімнің қызметшілері де жұмылдырылған. Дәл қазіргі уақытта олар Қаражар және Оразақ ауылдарының маңындағы жағалауларды инертті материалдармен бекіту және нығайту жұмыстарымен айналысып жатыр. Целиноград ауданы әкімдігі бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан көлемінде 475 мың текше метр қар шығарылған. – Арнайы жасақ аймақтағы 32,3 мың шақырым арықтар мен каналдарды, сондай-ақ 225 дана автожолдардағы су өткізу құрылыстарын тазартты. Сонымен қатар, 800 мың текшеден астам еріген қар суы сорылып, өзен жағалауларындағы бөгендерді нығайту мақсатында құм толтырылған қапшық төселді, – деді Целиноград аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аталған шаруаларды атқаруға ауданда төтенше жағдайлар қызметі жеке құрамының 103 сарбазы және 20 әскери қызметшілер іске кіріскен. Қызыл суды құрықтау үшін 79 бірлік техника, 58 бірлік мотопомпа, 2 бірлік «Андижанец», 5 бірлік Varisco жұмылдырылыпты. Өңірде қазіргі таңда су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Су тасқынына қарсы күрес елорданың іргесіндегі Аршалы ауданында да барынша қауырт қарқынмен жүргізілуде. Мұнда құтқару қызметінің арнайы жасағы ең қауіпті аймақтарға бөлініп, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуге кіріскен.

Елді мекендерді су шайып кету қаупі төнгендіктен аршалылықтарға Шымкент қаласынан 40 адам келіп, су тасқынымен күресуге жәрдемдесуде. Қар жамылғысының қарқынды еріп кетуінен Жібек Жолы және Жалтыркөл ауылдарының ішін су алып кеткен. Осы қолайсыздықты жою үшін облыстық ТЖД-ның қосымша күштері мен құралдары жұмылдырылды. Бүгінде жеке құрам ауылдарға жайылған суды сорып, тұрғындардың қалыпты өмірі үшін жағдай жасап жатыр. Көктемгі су басу қаупі мен оның зардаптарын жою және алдын алу шараларын аймақтағы белсенді азаматтар мен кәсіпкерлер де бақылауға алғаны байқалады. – Президент су тасқыны болып жатқан аймақтарда тауарларға бағаның жөнсіз көтерілмеуін және қажетті құрал-жабдықтардың уақытында жеткізілуін қадап тапсырды. Мен Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалының басшысы ретінде Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы орындалуын тікелей қадағалаймын. Әлеуметтік маңызы бар қызметтерге және азық-түлік бағаларының өсіп кетпеуін болдырмау біздің басты міндетіміз. Өзге де әріптестерімнен тұтынудың алғашқы қажеттіліктеріне халық арасында айғай-шу мен дүрбелең тудырмауын сұраймын, – дейді Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Анжелика Глебова. Бұған дейін Аршалы ауданына ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келген болатын. Сапар барысында Жібек Жолындағы су өткізу құрылыстарын тексеріп, «Безымянная» су бөгетінің қарқыны талқыланған еді. Келіп түскен ақпараттарға сәйкес, аудан еріктілері де жан аямай қауіптің бетін қайтаруға белсенді ат салысуда. Олар барша жұмыс істеп жатқан күштік құрылымдарға бауырсақ пен ыстық шәй таратып, кешкі ас ұйымдастыруда.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.