«Әйелі тірі болар деп үміттенем». Бишімбаевтың сотында куәгердің әкімшіге жазған хаттары оқылды

Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні Bau мейрамханасында болған куәгердің әкімшімен сөйлескен хаттары оқылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысында мейрамханада құрылыс жұмыстарымен айналысқан куәгер Мейірбеков пен мекеменің Қарлығаш есімді әкімшісінің хаттары оқылды. Сағат 2:27-де куәгер директордың, яғни Бишімбаевтың қайтып оралғанын, ол әйелімен VIP-нөмірде отырғанын жазған.

«Сағат 6:35 Мейірбеков: «Суреттер ілулі тұрған қабырға, екінші жартысын бітіруге мүмкіндік болмады, Қуандық шу шығарып жатыр».

Сағат 6:56 Мейірбеков: «Терезенің бойындағы колонаны сырлап қойдық».

Сағат 6:57 Мейірбеков: «Випті» төңкеріп жатқан сияқты. Әйелі тірі болар деп үміттенем».

Сағат 7:50 Мейірбеков: «Маски-шоу қойды. Жалаңаш кеудесіне пиджак киіп алған. Біз кетіп қалдық, не ұрып жатыр, не мүлкті қиратып жатыр».

Әкімші Қарлығаш: «Ол қалай, ішпеді ме?»

Мейірбеков: «Екеуі бірге, ес-түссіз мас.

Қарлығаш: «Оны қалай алды», — деген хат оқылды.

Куәгердің айтуынша, ол Бишімбаев Нүкенованы ұрып жатыр деп шешкен, өйткені ол VIP-кабинада қатты дыбыстарды естіген және тек Бишімбаевтың дауысы естілген.

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.

Бүгін «Ұмай» басталады: Кім баспанаға өтініш бере алады? 

«Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қыркүйек айында қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.