12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БИШІМБАЕВ ІСІ: ОТАНДЫҚ СОТТАҒЫ ҮЛКЕН ПРОГРЕСС

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен айыпты орындығында отырған Қуандық Бишімбаевтың ісімен барша жұрт жақсы таныс. Қайғылы оқиға орын алған сәттен бұл істі жіті бақылап отырғандар көп. Ал онлайн сот процесі – Бишімбаевтың қылмысына қатысты дәлелдер мен дәйектерді ғана таразы басына салып қоймай, осы сотты жүргізіп отырған судьяның, прокурорлар мен адвокаттардың білім-білігі арқылы, бүкіл сот, прокуратура, адвокатура құрылымдарының қызметіне қаншалықты сай екенін көрсетіп берді.

Осы уақытқа дейін көпшіліктің қызығушылығын тудырып, сот залына көптеген БАҚ өкілін топтастырған шулы істер аз болған жоқ. Алматы қалалық сотының судьясы Советхан Сәкенов төрағалық еткен «Қорғас ісі», Медеу аудандық сотының судьясы Динара Құйқабаева төрелік жасаған «Сайрагүл ісі» халық жадынан ұмытыла қоймаған шығар. Тікелей желіде көрсетілмегенімен, бұл істерді қарағанда да бақылап, қадағалаушылар көп болды. Сот ғимаратындағы тар залда, қаптаған камераның алдында өз міндетін атқарудың қаншалықты қиын, қаншалықты жауапты екенін шулы істерді жүргізген осындай судьялар жақсы білсе керек. Ел қызығушылығын тудырған процестерді бақылағанда блогерлер мен белсенділердің тым еркіндігіне таңданасың. Судья жұмысына, сот отырысының талапқа сай өтуіне кедергі келтіретінін ойламаған талай әріптесіміздің процесс кезінде тікелей эфир өткізіп, бейнетүсірілім жасап, судьяның ескертпесін елең қылмайтыны – құқықтық сауатының аздығының белгісі. Ал осы үшін ескерту жасалса, судьяның сөзін бұрмалап, өзін әділдік жоқшысы, қиянат көруші ретінде көрсетіп, манипуляция жасайтындар да аз емес. «Бишімбаев ісінің» ерекшелігі – онлайн режимде өтуінде. Отандық сот үшін республика көлеміне тарайтын онлайн процесс ұйымдастыру – үлкен прогресс. Өйткені, республика халқына қолжетімді болып отырған сот процесін сапалы, үздіксіз, кедергісіз ұйымдастыру – мықты ұжымдық жұмыстың, жаңа технология жетістіктерін оңтайлы қолданудың нақты көрінісі. Жоғарғы Сот онлайн сотқа мұрындық болу арқылы сот жұмысындағы жаңа технологияның қолданысын, соңғы реформалардың нәтижесін, сот ұжымының бірлігін, судьяның біліктілігін паш етуге мүмкіндік алды. Осы ретте шулы іске төрағалық етіп отырған Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот төрағасы Кульбаева Айжанға артылар жауаптылық екі есе зор. Сот барысын бақылағандар тарапынан «Судья дұрыс сөйлемеді», «Кульбаева екі тарапқа тең қарап жатқан жоқ», «Судьяның айыптыға мойын бұратыны сөзінен байқалады» деген сынды естіп жатырмыз. «Тілде сүйек жоқ». Тіпті сөзден сурет салып жүрген көркем әдебиет шеберлерінің де сүрінетін кезі болады. Оның үстіне, судья да адам. Миллиондар көз тіккен істе оның да ағаттық жіберуі әбден мүмкін. Ең бастысы, судьяның көңіл-күйі, дауыс ырғағы істің барысына әсер етпесе болғаны. Әзірге сот алаңында адвокаттардың айқасы жүріп жатыр. «Заң газеті» алдағы уақытта судьяның іс жүргізудегі қабілеті мен прокурорлардың өз міндетін қаншалықты жауапты атқарып отырғанына, адвокаттардың қолданып отырған тактикасына арнайы тоқталатын болады.

А.САТЫБАЛДЫ, «Заң газеті»

Новый закон – шаг к прозрачности

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОДПИСАЛ ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ СУЩЕСТВЕННЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ В РЯД НОРМАТИВНЫХ АКТОВ, ВКЛЮЧАЯ ЗАПРЕТ НА НОШЕНИЕ ПРЕДМЕТОВ ОДЕЖДЫ, ЗАКРЫВАЮЩИХ ЛИЦО, В ОБЩЕСТВЕННЫХ МЕСТАХ. ИНИЦИАТИВА ВЫЗВАЛА ШИРОКУЮ ОБЩЕСТВЕННУЮ ДИСКУССИЮ СРЕДИ ЭКСПЕРТОВ, ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА И РЕЛИГИОЗНЫХ ДЕЯТЕЛЕЙ.

Елімізде ағаштарға келтірілген залал үшін өтемақы мөлшері артты

Қазақстанда ағаштарды жойғаны үшін өтемақының жаңа мөлшері бекітілді. Енді кейбір ағаш түрлерін заңсыз кескеніңіз, бүлдіргеніңіз немесе жинағаныңыз үшін бір ағашқа 314 560 теңгеге дейін төлеуіңіз мүмкін.

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды

Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабатын киім киюге ресми тыйым салынды. ҚМДБ жаңа өзгеріске байланысты мәлімдеме жасады.

Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделеді

Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, олардың ішіндегі ең ірісі Орал қаласында орналасқан.

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ – БІР ОТБАСЫНЫҢ ТРАГЕДИЯСЫ ЕМЕС

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жуырда Алматы облысының Қонаев қаласында кезекті форумын өткізді. Ұйым нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм жəне ысырапшылдық сияқты əлеуметтік кеселдердің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында «Салауатты сана» жобасын əзірлеген болатын.