Бишімбаевтың адвокаттары «адам өлтіру» деген сөзді қолдануға қарсы шықты

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі кездесуде экс-министрдің қорғаушысы Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды тағы да талап етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Бишімбаевтың адвокаттарының бірі — Лейла Рамазанова — Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атамауды және зардап шеккен тараптың қорғаушысына ескерту жасауды талап етті.

«Жанна Уразбаховаға (жәбірленуші тараптың адвокаты – еск.) ескерту жасауыңызды сұраймын, себебі ол «адам өлтіру» деп айта береді», — деді Рамазанова сотта.

«Лейла Рамазанова Салтанат Нүкенованың өлімін адам өлтіру деп атағаным үшін маған ескерту жасауды бірнеше рет өтінді. Өкінішке қарай, бұл тұрғыда басқа сөз таба алмаймын», — деп жауап берді Уразбахова.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.

Новый алгоритм защиты детей 

В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕН МЕЖВЕДОМСТВЕННЫЙ АЛГОРИТМ ПО БОРЬБЕ С БУЛЛИНГОМ, НАСИЛИЕМ И ЖЕСТОКИМ ОБРАЩЕНИЕМ С ДЕТЬМИ.