Алматылық көлік салығы бойынша ең көп қарыз «жинаған»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығы бойынша ең көп қарыз сомасын мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, көлік салығы бойынша ең көп қарыз Алматы тұрғынында «жиналған».

«Биылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша ең көп қарыз Алматы бойынша салық төлеушіге тиесілі – 20,7 миллион ​​теңге, оның ішінде салық – 10,8 миллион теңге және өсімпұл – 9,9 миллион теңге», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті редакция сауалына жауап бере отырып.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.